Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Демалысты кейінге қалдыра тұрыңыз»: бас санитар үндеу жасады

«Демалысты кейінге қалдыра тұрыңыз»: бас санитар үндеу жасады

Қиясов тез таралатын коронавирустық инфекцияның жаңа штаммдары денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қауіпті деп санайды.
Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап.
"Мен сіздерден коронавирустық инфекция кең таралған елдерге барудан бас тарта тұруларыңызды сұраймын. Қазіргі кезде кең таралған елдер санатында Үндістан, Түркия, Еуропаның кейбір елдері мен Латын Америкасы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар", – деді Қиясов.
Ол коронавирустық инфекцияның жылдам жүретін және тез таралатын жаңа түрі қоғам мен жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қауіпті екенін атап өтті.
"Демалысты кейінге қалдыра тұрыңыз. Өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз үшін ғана емес, жақындарыңыздың өмірі үшін де өте маңызды", – дейді дәрігер.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте республика бойынша коронавирус инфекциясы 2 883 адамнан анықталды.
30 сәуір 2021 ж. 980 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 57

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 44

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 58

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 57

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 59

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031