Індеттен сақтайтын қадам

Бүгін алғашқы кезектілер қатарында «Спутник V» вакцинасын қабылдадым. Вакцина салар алдында дәрігерлер барлық тексеруден өткізіп, денсаулығымды бақылады. Бұл ең алдымен, өзімді және жақындарымды қорғау мақсатында жасалған қадам. Оның үстіне қызмет бабында көптеген адамдармен тығыз қарым-қатынас жасайтындықтан, өзгелердің саулығы үшін де дұрыс шешім деп білемін. Індеттің өршуін болдырмас үшін өзіңіз бен өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина салдыруға шақырамын.
Біздер үшін отбасымыздың, оқушылар мен ата-аналардың, барша педагогтардың саулығы маңызды. Бұл кеселді бірлесе отырып еңсеретінімізге сенімдімін.
Вакцинадан соң ешбір ауырсыну сезінбедім, жағдайым жақсы, бірқалыпты. Дәрігерлердің кеңесімен алдағы үш күн денсаулығымды бақылауда ұстайтын боламын. Енді 21 күннен соң екпенің екінші дозасын салдыратын боламын.
Әділхан ЖОЛЕКЕШОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы