Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебелі белес

Мәртебелі белес

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет және қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Алмагүл Божановамен кездесіп, 75 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтады.
Кездесуде облыс әкімі мерейтой иесінің Сыр өңірінің өркендеуіне қосқан үлесі мен ерен еңбегі жайлы айтып өтті.
– Ел, мемлекет ісіне ерте ара­ласқан Алмагүл Божанқызының атына қандай мақтау айтсақ та, жарасымды. Ол биліктің биік баспалдақтарынан абыройлы өтіп, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы­на бар ынта-жігерімен қызмет етті. Шын мәнінде, оның Сырдария ау­данына басшылық жасаған уа­қыты тәуелсіздіктің алғашқы қиын ке­зеңдерімен тұспа-тұс келген күрделі жылдар болатын. Туған жеріндегі табанды еңбегінің нәти­жесінде Сыр­дария ауданы сол жылдары облыста үздіктер қатарынан көрінді, эко­номикалық көрсеткіштер бойынша көш бастады. Сіздің ізгілікке толы жарқын ғұмырыңыз – кейінгі жастарға үлгі-өнеге болатындай ғибратты жол. Мерейтойыңыз құтты бол­сын, – деді облыс әкімі.
Алмагүл Божанова 1946 жылы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын Шаған ауылында балабақша меңгерушілігінен бастаған. Комсомол және партия комитеттерінде жауапты қыз­мет­тер атқарған. Тереңөзек ауда­нының әкімі қызметінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауыл шаруашылығы саласын кө­теруге баса назар аударды. Облыстық мәслихат хатшысы қызметінде де ерекше қарым-қабілетін көрсетіп, атқарушы органдармен бірге аймақтың даму жолында еселі еңбек етті. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары болған уақытта да билік пен халық арасында ашық диалог орнатып, сая­си ұйымның рөлін күшейтуге бар күш-жігерін жұмсады. Қазіргі таңда қоғамдық бағытта игі істер атқарып келеді.
Кездесуде аймақ басшысы мерейтой иесіне ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты мен өңірдің ең жо­ғары наградасы – облыстың Құрмет грамотасын табыстады және дәстүрге сай қамзол кигізіп, құрмет көрсетті.
Жылы жүздесуде мерейтой ие­сінің замандастары, еңбек арда­гері Қорғанбек Қайруллаев, облыс­тық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова сөз алып, Алмагүл Божанқызының қазақ қы­зына тән қайсарлығы мен еңбек­тегі ерлік істері жөнінде жылы есте­ліктер айтып, лебіздерін білдірді. Мерейтой иесі аймақ басшысына, ел азаматтарына алғысын айтты.
syrboyi.kz

16 наурыз 2021 ж. 2 392 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 67

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 59

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930