Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қызылордада вакцинацияның екінші кезеңі басталады

Бүгін Қызылордада вакцинацияның екінші кезеңі басталады

 Қызылордаға коронавирус инфекциясына қарсы егілетін 6200 «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і бірінші компонентте, 2600-і екінші компонентте егілетін болады.
 ІІ кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.
Жалпы екпе салдырғындар арасында денсаулығына шағымданушылар болмады. Ертеңнен бастап екпенің екінші кезеңін бастамақпыз. Алғашқы кезеңде вакцинациялау жұмыстары тек қаламыздағы №1, 3, 6 емханаларда жүргізілген болатын. Ал ІІ кезеңнен бастап аудандарда да қатар жүргізілмек. Бұл ретте егу науқанын сапалы өткізу үшін аудандағы медицина қызметкерлері де дайындық курсынан өтіп, оқытылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.
Айта кетейік, вакцина аудандарға температуралық режимді қадағалайтын арнайы машинамен бүгін-ертең жеткізілетін болады. Екпе жұмыстарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 14 егу кабинеті дайындалған.
Қазір халықтың вакцинациялаудың қауіпсіз екеніне көзі жетті деп ойлаймын. Бір жағынан асқыну, ауру белгілері 1-ші, 2-ші компаненттерде де байқалмады. Вакцина келе саласымен барлық талаптарға сәйкес мұздатқыштарға орналастырылды. Қазіргі таңда қоймадан қажетті вакцина облыс орталығындағы емханалар мен аудандарға тасымалдануда. Бұл ретте тиісті сала мамандарымен комиссия құрылды. Яғни, вакцинаны аудандарға жібергенде, доза ешқандай бұзылусыз жетсе, құрылған комиссия мүшелері қабылдап алатын болады, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова.


04 наурыз 2021 ж. 2 498 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930