Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту ұсынылды

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту ұсынылды

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аналар мен олардың балаларына қамқорлық жасау – еліміздегі мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Жүктілік – әйел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бала көтерудің қиындығы бір бөлек те, сонымен бірге жауапты міндет. Әйел жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасауы керек. Сондықтан декретке шығады. Ал босанғаннан кейін 1 жастан 3 жасқа дейін нәрестеге қамқорлық жасайды. Көрсетілген кезең бойы ол жұмыс істей алмайды. Үш жасқа дейін балалар үнемі бақылауды қажет етеді. Сонымен қатар осы кезеңде ата-аналар ең үлкен қаржылық шығындарға тап болады. Өйткені қазіргі уақытта толыққанды отбасында тек әкесі ғана жұмыс істейді», - деп тоқталды депутат Айжан Сқақова Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы өкілдерінің атап өтуінше, мемлекет тарапынан бала тууды ынталандыруға, сонымен қатар дені сау жас ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасауға екпін қойылуы керек. Сондықтан материалдық қолдау назарға алынады.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлем ол бір жасқа толғанға дейін ғана қолданылады, ал жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем табысты жоғалтуға байланысты жұмыс істейтін әйелдерге ғана есептелген.
Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере отырып, А. Сқақова мыналарды ұсынды:
- Ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту;
- Ақылы декреттік демалыс кезеңін 1 жастан 2 жасқа дейін арттыру, өйткені бұл баланы мектепке дейінгі мекемеге қабылдаудың оңтайлы жасы;
- Баланың толыққанды дамуы үшін барлық аспектілерді, оның ішінде тамақ өнімдерін, гигиена құралдарын және даму орталықтарына кіру мүмкіндігін ескеретін жеке объективті балалар тұтыну себетін әзірлеу.

03 наурыз 2021 ж. 2 506 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930