Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды - ТЖМ

9 өңірде дауылды ескерту жарияланды - ТЖМ

Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

 Қыс кезеңінің басынан бастап республика бойынша 1 063 дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожол учаскелері 682 рет жабылды, жүк және жолаушы автокөліктері үшін 233 рет қозғалысқа шектеу енгізілді.
1 240-тан аса адам құтқарылып, эвакуацияланды, 97 жылыту пункті жұмылдырылды, 439 техника құтқарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, Қазавтожолдан және жергелікті атқарушы органдардан 5 мыңнан аса адам және 1 396 техника жұмылдырылды, - деп айтты министр.
Оның сөзінше, халықты ТЖ қаупі туралы ескерту мақсатында тұрғындардың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы sms-хабарлама, сондай-ақ «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы да хабарлама жіберілді.
Қазір абоненттер саны өсіп келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда қар құрсауына түскен көліктер саны едәуір азайды. Жергілікті атқарушы органдар жолдардың қозғалысын шектеу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Дегенмен айтылған фактілер бойынша барлық адам бірдей ТЖ ескертуін орындай бермейді. Осындай уақытта құтқарушылар жолда қалғандарды құтқаруға шығады, - дейді Ильин.
ТЖМ министрі атап өткендей, өткен аптада ауа райы құбылмады болды. Қазіргі жағдай бойынша Қазгидромет деректері бойынша 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Олар Шымкент, Ақмола, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанайғ Қызылорда және Түркістан облыстары.
Сондай-ақ, 3 өңір учаскелерінде жолдар жабық. Қыс мезгілі күнтізбе бойынша аяқталды. Дегенмен орталық Қазақстанға жаңа циклон жақындап келеді. Желдің күшеюінен аталған өңірлерде ТЖ болуы мүмкін, - деді министр Юрий Ильин.
02 наурыз 2021 ж. 2 362 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 29

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930