Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес жолаушы ем алып жатыр

Бес жолаушы ем алып жатыр

Сәрсенбіде Қызылорда-Құмкөл автожолында жол апаты болғанын жаздық. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Апат автожолдың 69-шы шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктерінің соқтығысы салдарынан тіркелді. Екі көлік жүргізушісі, бір жолаушы оқиға орнында, екеуі медициналық мекемеде қайтыс болды. Қалған бес жолаушы ауруханада ем алуда.
– Төтенше жағдай департаментіне хабарлама түсе сала оқиға орнына бардық. Қыстырылып қалған адамдарды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырдық. 6 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.
– Екі көлік қарама-қарсы соқтығысқан. Қос көліктің де жүргізушілері қайтыс болды. Жол тайғақ болмаған. Оқиғаның нақты себептері сараптамадан кейін анықталып, тиісті шешімдер қабылданады. Негізі бұл машиналар вахталық ауысым мақсатында жолға шықпаған. «Мерседес Спринтер» көлігіндегілер қалаға зат алуға келе жатса, екінші көліктегілер іссапармен бара жатқан, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.
Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
syrboyi.kz
14 қаңтар 2021 ж. 2 313 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930