Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында тағы бір су қоймасы салынады

Қызылорда облысында тағы бір су қоймасы салынады

Қызылорда облысындағы Қараөзек ауылында су қоймасы салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирдегі сұхбатта «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов мәлімдеді.
«Қараөзек ауылында тағы бір жаңа су қоймасы салынады. Жобалық сметалық құжат биыл сараптамаға беріледі. Келер жылы қаржы мәселесі шешілуі тиіс», - деп атап өтті Хамит Биімбетов.

Сонымен қатар ол Қызылорда су торабындағы жөндеу жұмыстары туралы да айтты.

«Қызылорда су торабын жөндеуге 2020 жылға 481 млн теңге, 2021 жылға 1 млрд 420 мың теңге, 2022 жылға 709 млн теңге қарастырылған. Сол жақ магистраль каналында бетон жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы барлық жұмыс бітуі тиіс. Аталған су торабы 1956 жылы пайдалануға берілсе, бұған дейін кешенді жөндеуден өтпеген еді. Бұдан бөлек Айтек, Жиделі су қоймалары жөнделуде. Олардың жұмысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталады. Жиделі желтоқсанның басында іске қосылады»,- деді филиал басшысы.

Сұхбат барысында вегетациялық кезеңнің аяқталуы сөз болды.

«Биыл вегетациялық кезең басында Көксарай контррегуляторына 3 млрд-тың орнына 2 млрд текше метр су жиналып, 1 млрд текше метр жетпей дихандар аздап қиналды. Бірақ әкімдік күріш егу мекемелерімен бірге 300 км ішкі каналдарды тазалады. Біз 61 км магистральді каналдарды тазаладық. 90 мың гектар күріш егілсе, соның бәріне кезекпен бекітілген кесте бойынша үлестіре отырып, су жеткізе алдық», - деді Хамит Биімбетов.

Айта кетейік, Қызылорда облысындағы биылғы вегетациялық кезеңде барлық күріш алқаптары суармалы сумен қамтылды.
25 қараша 2020 ж. 547 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 30

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930