Желі белсенділерінің басқосуы

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде біз күнделікті проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, желі арқылы халықпен тығыз байланыс орнатудың тиімділігі күннен-күнге артып келе жатқанын байқаймыз.
Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы және биылғы кезекті Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды айтып, «бұл саяси реформаның бастамасы» екендігін атап өткен болатын.
Осыған орай, БАҚ және интернет ресурстарындағы өңірімізге қатысты өзекті мәселелерді талқылау, өткен аптада жарияланған Мемлекет басшысының Жолдауда тоқталған тараулар бойынша еркін пікір алмасу мақсатында аудан әкімі М.Ергешбаевтың жергілікті БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен бейресми кездесу болып өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Жолдаудағы басым бағыттарды талқылап, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын тілге тиек етті. Қоғамдағы өзекті мәселелер туралы бірқатар ұсыныс пен пікірлерін жеткізді.
Қоғамда пікір қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік саласында белсенді үлес қосу мәселелері және әлеуметтік желіде жұмыс жасаудың тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалды.
Сондықтан осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жиын соңында аудан басшысы қатысушыларға өзінің алғысын білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат