Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымның аяғына дейін тегін қызмет көрсетпек

Маусымның аяғына дейін тегін қызмет көрсетпек

Халықаралық балалар құқын қорғау мерекесі қарсаңында Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркі қызмет көрсете бастады. Карантин режиміне сәйкес хаттамалық шешіммен демалыс орны таңертеңгі 10.00-ден түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

– Бұл күнді балалар асыға күтеді. Сондықтан мүмкіндігінше, оларды қуантуға асығу – біздің міндетіміз. Биыл жаңадан 4 аттракцион әкелінбекші еді, пандемияға байланысты алдыра алмай отырмыз. Десе де биылғы маусымды 78 жеке кәсіпкермен бастадық. Бұған дейін де қызмет көрсетіп келген 84 аттракционымыз бар. Айта кетейік, мерекеге орай мемлекет меншігіндегі екі аттракцион балаларға тегін қызмет көрсетуде, – дейді қалалық мәдени және демалыс паркінің директоры Әнуар Нақып.

Демалыс орны балаларға тек бір күн ғана арнамайды. Парк ұжымының қызметі маусым айының аяғына дейін дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері түске дейінгі уақытта балаларға тегін болмақ. Ескерерлігі, балалар ата-анасының немесе мұғалімінің, жетекшісінің қарауымен келу керек. Әнуар Мәуленұлы бұл жеңілдіктерге алдын ала тапсырыс беру керегін айтты.
syrboyi.kz

02 маусым 2020 ж. 1 115 0

Форум – БАҚ назарында

07 шілде 2025 ж. 198

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031