Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қызылорда облысында инфекцияның алдын алу мақсатында 4309 млн теңге бөлінді

Коронавирус: Қызылорда облысында инфекцияның алдын алу мақсатында 4309 млн теңге бөлінді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында тиісті қаржылар бөлініп, жұмыс жасалуда. Сондай-ақ, қаржыны жоспарлау басты назарда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев және Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Талғат Жақыпбаевтың айтуынша, өңірімізге наурыз айына қаралған 19,9 млрд теңге субвенция толық түсіп, тиісті орындарға аударылған. Сондай-ақ, облыс бойынша жергілікті бюджеттің бірінші тоқсандағы кірістер жоспары 115,5 пайызға орындалды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі Қ. Ысқақовтың өкімімен жедел әрекет етудің өңірлік штабы құрылды. Облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, баға мәселесі бақылауда.
«Әлеуметтік маңыздағы 19 түрлі азық-түлік тауарларын сатып алу тізбесі бекітілді. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға, облыс әкімінің резервінен шұғыл шығындар бойынша 1107 тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға 105,8 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда», – деп атап өтті Нұрғали Қордабай брифингте.
Мұнан өзге, облыста жанар-жағар май қоры да жеткілікті. 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензин қоры – 3106,9 тонна, дизель отын қоры – 2984,5 тоннаны құрап отыр.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуына жол бермеу мақсатында облысқа дәрілік заттарды, тест-жүйкелерді, зертханалық жабдықтарды сатып алуға 4309 млн. теңге бөлінген.
18 наурыз 2020 ж. 972 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 178

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031