Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы іске қосылды

«Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы іске қосылды

Қызылордада «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша «Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы» тақырыбымен алғаш өткен форум барысында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты, шетелдік және отандық ІТ-қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. ІT форумның мақсаты – мемлекеттік сектор мен елдің бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасында цифрландыру бойынша тәжірибесімен бөлісіп, идея алмасуға арналған бірыңғай алаң құру. Форум аясында Малайзия, Татарстан елдерінен келген спикерлер цифрландыру саласында өздерінің тәжірибелері туралы айтты.
Сонымен қатар, форум алаңында Қызылорда облысындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру жобаларының тұсаукесері мен көрмесі ұйымдастырылды. «Ақылды қаланы» қалыптастыру бойынша шетелдік, отандық IT-компаниялардың үздік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды. «Бүгінгі «Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы форум адами капиталды дамытуға, аймақта жүзеге асырылған жобаларды тұрғындарға таныстыруға, ТМД мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, жобаларға кәсіпкерлерді, инвесторларды тартуға және де стартап жобаларды қолдауға бағытталады», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов. Форум аясында облыс әкімі «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Smart Qyzylorda» қаланың тұрғындары мен қонақтарын біртұтас біріктірілген жүйе арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форумда өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жүзеге асырылған Қазақстандағы тұңғыш цифрлы күріш ақтау зауыты және «Акмауа Smart Farm» фермасының жұмысы таныстырылды. «Мағжан және К» ЖШС цифрлы күріш ақтау зауыты сағатына 5 тонна күрішті өндеуге арналған. Кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады. Барлық процестер автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы FMIS - «ақылды ферма» зияткерлік геоақпараттық форманы қолданатын пилоттық шаруашылық. Ол жедел навигацияны, өріс деректерін толық талдауды және өндірістік процестердің мониторингін қамтиды.
Аталған шара шеңберінде биылғы жылдың 30 қарашасында өткен «SMART QYZYLORDA HACKATHON» байқауының жеңімпаздарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов марапаттады.


07 желтоқсан 2019 ж. 1 314 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 144

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930