Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды

Мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды

Кеше сағат 11:36 шамасында Әйтеке би кенті, Михайлюк көшесі №5А мекен-жайында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте өрт оқиғасы орын алған болатын.
Оқиға орнына Қазалы ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі және 30-дан аса жеке құрам жұмылдырылып, өрт толықтай сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде 470 оқушы, 70 мұғалім эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жүргізген зерделеу жұмыстарының барысында өрт мектептің бірінші қабатындағы директордың кабинетінде шыққаны анықталды.
Қазіргі таңда тиісті мамандар тарапынан өрттің шығу себебі зерттелуде. Алдын ала мәліметтер бойынша электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққандығы болжануда. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 қараша 2019 ж. 1 070 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031