Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 мыңның жыры: арыстықтар қолына төлемақы тиді ме?

100 мыңның жыры: арыстықтар қолына төлемақы тиді ме?

Арыстықтар бүгінде көптің назарында. Олар тиесілі төлемақыны ала алды ма?

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің дерегінше, қазіргі таңда Арыс тұрғындарына 100 мың теңге өтемақыны беруі үшін банк карталары таратылуда. Тізімге кірмей қалған оқушылар мектептер арқылы анықталып жатқаны жария етілді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев:
"100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карталары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қаласынан "Халық банкінің" 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде",– деген.

Оның айтуынша, осы уақытта 33 мың банк карточкасы жасалды. Тұрғындар 100 мың теңгегее 12 тамыздан бастап қол жеткізбек. Ал үйлерінде болмаған азаматтар карталарын 2019 жылдың 15 тамызынан бастап, Арыс қалалық "Халық банк" филиалдарынан алады. Түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды.

Қазір Арыс қаласына 12 банкомат қойылған. Қосымша тағы 7-8 банкомат орнатуға жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 тамыз 2019 ж. 657 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 13

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 13

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 6

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930