Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ливерпуль" футбол клубы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

"Ливерпуль" футбол клубы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

Англияның "Ливерпуль" командасы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 1 маусымда Мадридте (Испания) өткен финалда "Ливерпуль" тағы бір ағылшындық команда "Тоттенхэмді" жеңді - 2:0.
Матчтың 2-минутында египеттік ойыншы Мохамед Салах пенальтиден есеп ашты. Ал екінші голды 87 минутта бельгиялық футболшы Дивок Ориги салды.
  • "Ливерпуль" командасы Чемпиондар лигасында алтыншы рет (1977, 1978, 1981, 1984, 2005 жылдар) жеңіске жетті. Бұл жарысты испаниялық "Реал" клубы - 13 рет, италиялық "Милан" 7 рет ұтқан.
  • "Ливерпуль" екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалында ойнады. Былтырғы финалда бұл команда "Реалдан" жеңілген.
  • "Тоттенхэм" клубы Чемпиондар лигасының финалында алғаш рет ойнады.

"Ливерпуль" финалға дейін "Бавария" (Германия), "Порту" (Португалия) және "Барселона" (Испания) клубтарын жеңді. Ал "Тоттенхэм" командасы "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Манчестер Сити" (Англия), және "Аякс" (Голландия) клубтарын жарыстан шығарды.
Чемпиондар лигасы - UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдер клубтары қатысатын ең ірі футбол жарыстарының бірі. Коммерциялық жарысқа UEFA ұйымына мүше елдердің чемпионатында жеңген және жүлде алған командалар қатысады.

azattyq.org
02 маусым 2019 ж. 2 235 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 98

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 91

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 90

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 100

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 90

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 92

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 110

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930