Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гимнастшылар үздік өнер көрсетті

Гимнастшылар үздік өнер көрсетті

«Мұз айдыны» спорт кешенінің гимнастика залында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтті.

Жарысқа Алматы, Байқоңыр, Ақтау, Тараз, Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 2013-2003 жылдары туылған 430 гимнастшы жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Жарыстың ашылу салтанатында жетістіктеріне орай он алты Сыр гимнастшыларына спорттық атақтар беру туралы куәліктер табысталды.

Атап айтсақ, Айжан Әжібекова, Динара Шамсудин, Гүлден Бердібек, Виктория Васильева, Раушан Аспандиярова, Томирис Хамза, Ақбота Өтеген, Салтанат Сейтмұхан, Құралай Сапар, Аянат Ерланқызы, Динара Ерғалиева, Аружан Құрмантай, Дана Садықова, Румисат Исаева, Айжан Қуандықова ҚР спорт шеберіне үміткер, ал Диана Қанатбек спорт шебері куәліктерімен марапатталды.

Жарыс нәтижесінде жерлестеріміз Айжан Қуандықова (2003 ж.т.) мен Дана Садықова (2004 ж.т.)жекелей сында1-орындарды жеңіп алды.

2010 және 2011 жылдары туылған гимнастшылар топтық сайыста үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Олар: Зере Әбдіқабыл, Кәусар Сейілбек, Айна Ақпанбет, Дарина Ізбасарова, Ақерке Елеусінова (2010 ж.т.), Айша Сұлтан, Айнара Ерболат, Аяла Нұрсұлтан, Айша Асылбек, Әмина Бағдатова (2011 ж.т.).

Жарыста жеңімпаз, жүлдегер атанған гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және жарыс демеушісі «ҚазГерМұнай» компаниясының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 325 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930