Азия чемпионымен кездесу
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратында Қызылорда облыстық ішкі саясат және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пауэрлифтингтен 3 дүркін Азия чемпионы Елдос Ермахановпен кездесу өтті. Оған Қызылорда облысының жас спортшылары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Дене шынықтыру» мамандығында оқитын студенттер қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала», - деген болатын. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды асқақтатып жүр.
Елдос Ермаханов 1990 жылы 25 қарашада Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. №15 қалалық мектеп-гимназияның түлегі. Қорқыт ата атындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылыс мамандығы бойынша білім алған. Пауэрлифтингтен халықаралық додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жуырда Дубайда (БАƏ) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өткен Азия чемпионатында Елдос Ермаханов ерлер арасында 66 келі салмақта 2 алтын медальді жеңіп алды. Ол экипировкалық түрінен 240 келі, классикалық түрінен 165 келіні көтеріп, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Елдос биылғы жылы Əлем чемпионатының 2 мəрте қола жүлделерін иеленген болатын. Кездесу барысында Елдос Ермаханов спорт саласындағы жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.