Елбасының бес әлеуметтік бастамасы талқыланды

Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті.
Сондай-ақ6 Мемлекет басшысының Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігін алға тартты. Оқу ісі және тәрбие жөніндегі проректор Бахытхан Абдикаримов студенттерді жатақханалармен қамту мен оларға білім алуда қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы жөнінде атап өтті. Бұл туралы Елбасы үндеуінде «Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет» деген болатын.
Қорытындысында университеттің оқытушы-профессорлар құрамы Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алмасты.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат.