Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт күніне орай еліміздің спортшылары мен сала ардагерлері марапатталды

Спорт күніне орай еліміздің спортшылары мен сала ардагерлері марапатталды

Спорт күніне орай, Qazaqstan ОКЗ-да еліміздің спортшыларын, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады egemen.kz
Салтанатты рәсім басталар алдында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтау сөз сөйлеп, отандық спорттың дамуына қосқан үлесі және жарқын жеңістері үшін сала өкілдеріне алғыс айтты.
Салтанатты рәсім барысында Асхат Оралов қазақстандық спорт ардагерлеріне «Еңбек ардагері» медалін табыс етті, олардың арасында бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусінов, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанат Манашев, 1972 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Абоимов және басқа да танымал спортшылар мен жаттықтырушылар бар.
Сонымен қатар министр спортшыларды, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін «Cпорт саласының құрметті қызметкері» және «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады. Айтулы күн қарсаңында барлығы 250 адам құрметке ие болды.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде әрбір үшінші қазақстандық немесе 7 млн 587 мың адам спортпен айналысады. Бұл жалпы халық санының 38,5%-ы. Оның ішінде 800-ден астам дене шынықтыру клубтарында 258 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданады.
Соңғы 3 жылда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсіп, 51 325 адамға жеткен. Ал, 584 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады екен. Республика бойынша барлығы 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерлердің үлесінде.
Биылғы жылы 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау, 6 жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру бойынша жұмыс басталды.
Елімізде жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіліп отыр. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, спорттық фестивальдар, отбасылық жарыстар, жаппай сырғанаулар танымал бола бастады.
Айта кетейік, спорт күніне орай еліміздің барлық өңірінде жүзден астам іс-шара, оның ішінде ересектер, балалар, жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы спорттық жарыстар, спорттық қойылымдар, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімдері, марафондар, көңілді старттар және тағы басқа бұқаралық іс-шаралар өтеді. Бұл жарыстарда кез - келген адам сайысқа қатысып, өзінің спортық қабілетін сынап көре алады.
21 тамыз 2023 ж. 709 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031