Каратэден ҚР құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық 1-орын алды

Атап айтқанда, тұғырдың ең жоғары сатысына Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) көтерілді. Қыздар арасында Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.
Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (50 келіге дейін), Гүлмира Үсенова (55 келіге дейін) және «кумитэ» бойынша ерлер командасы күміс медаль еншіледі.
Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін), Лия Қошқарбаева («ката» жаттығуы), Данияр Юлдашев (84 келіге дейін) және Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) құрама қоржынына қола медаль салды.
Жарысқа барлығы 31 елден 400-ден астам каратэ шебері қатысты. Қазақстанның намысын 19 спортшы қорғады. Нәтижесінде ұлттық құрама жалпымедальдық есепте бірінші орынға көтерілді.
