Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Қазақстан құрамасы рейтингте көш бастады

Бокстан Қазақстан құрамасы рейтингте көш бастады

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингінде Қазақстан бірінші орынға көтерілді. Бұған Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы спортшылар жетістігі әсер еткен. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңарған рейтингте қазақ боксшылары 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Өзбекстан құрамасы (60 800) болса, үштікті Ресей құрамасы (58 050) түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатында медальдар саны бойынша Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Олар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал екінші орынды 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеген отандастарымыз иеленген еді. ІВА рейтингінің алғашқы ондығы келесідей:
1. Қазақстан – 81 000;
2. Өзбекстан – 60 800;
3. Ресей – 58 050;
4. Үндістан – 55 500;
5. Куба – 45 300;
6. Бразилия – 43 400;
7. Италия – 38 980;
8. Түркия – 38 450;
9. Мексика – 37 650;
10. АҚШ- 34 950.
31 мамыр 2023 ж. 1 047 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930