Қазақстандық гимнастшылар Ташкентте өткен Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды
![](https://zakon-img1.object.pscloud.io/6e654675c68849e4b61f38069c0afb31.jpeg)
Қазақстандық көркем гимнастшылар шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.
Алтын медаль Қытай елінен келген жеңіл атлеттерге бұйырды. Олар 33,40 ұпайға ие болған еді. Қола өзбекстандық гимнастшылардың еншісінде кетті (27,95 ұпай).
Көркем гимнастика, Өзбекстан, Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы
Сондай-ақ біздің команда лента, доп жаттығуларында 26,15 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.