Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик әлемдік рейтингіде 49-дан 48-орынға көтерілді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов 145-тен 147-ге сырғыды. Т.Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстарында бақ сынайды.
Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.
Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, Рим мастерс турнирінің жеңімпазы атанған ресейлік Даниил Медведев сербиялық Новак Джоковичті ығыстырып, 2-сатыға шықты.
Жұптық сында қазақстандықтардан Александр Недовесов – 67, Андрей Голубев – 81, Григорий Ломакин 247-сатыда келеді.
Әлемде нидерландылық Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бірінші орынды бөліссе, америкалық Раджив Рам үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.