Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің үздік боксшыларының рейтингі жаңарды

Әлемнің үздік боксшыларының рейтингі жаңарды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.
Ауыр салмақ дәрежесінде Жан Кособуцкий 13-орынға тұрақтап, үздік 15 спортшының қатарына енді. Алғашқы үштікке америкалық Энди Руиз, ұлыбританиялық Энтони Джошуа және кубалық спортшы Фрэнк Санчес кірді. Бұл дивизиондағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик.
Екінші орта дивизионда Әли Ахмадов төрт саты төмен түсіп, 15-орынға тұрақтады. Рейтингтің көшбасшысы – америкалық Деметриус Андраде, одан кейін канадалық Эрик Базинян және АҚШ-тың тағы бір өкілі Диего Пачеко. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес чемпиондық титулға ие.
Орта салмақтағы рейтингте Геннадий Головкин бірінші орында қалса, Мейірім Нұрсұлтанов төртінші орынды сақтап қалды. Бұл категорияда әлем чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы. Екінші және үшінші орындар сәйкесінше британдық Лиам Смит пен мексикалық Хайме Мунгиге тиесілі.
Екінші жеңіл салмақта 15-орында болған Сұлтан Зәуірбек рейтинг кестесінен шығып қалды.
16 мамыр 2023 ж. 896 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930