Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатында 4-орын алды

Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатында 4-орын алды

Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыс Чехияның Простеев қаласында өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Жерлестеріміз іріктеу кезеңі аясында қазіргі әлем чемпионы Италия және бұрынғы әлем чемпионы Аргентина құрамаларын жеңді. Ширек финалда Словения спортшылармен жолығып, Даниэль Тазабеков және Заңғар Нұрланұлы қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал, жартылай финалда ұлттық құрама АҚШ спортшыларына есе жіберді. Бірінші ойында Дамир Жалғасбай қарсыласынан ұтылды. Ал, екінші ойында Заңғар Нұрланұлы жеңіске жетіп, таразы басын теңестірді. Бірақ соңғы жұптық бәсекеде америкалық теннисшілер басым болды. Осылайша Сергей Квак баптайтын жасөспірімдер медальға сәл жетпей тоқтады. Алайда осының өзіне спорт мамандары «сенсациялық нәтиже» деген баға беріп жатыр.
08 тамыз 2022 ж. 832 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 148

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 226

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031