Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Теннистен Қазақстан командасы тарихта алғаш рет Чехиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды  egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
 Словенияны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін ел құрамасы жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Команда капитаны Сергей Квак бастапқы ойынға тағы да Даниэль Тазабековты қойды және ол кезекті рет сенімді ақтады. Свит Сульичке қарсы ойында Даниэль салқынқандылық танытты. Бірінші сет 4:6 есеп ұтылғанына қарамастан, екінші партияда Тазабеков тез арада жинақталып, тай-брейкте қарсыласын қыспаққа алды. Есеп - 7:6 (8:6).
Шешуші үшінші партияда Даниэль бірден 4:1 есебімен алда болды. Алтыншы геймде спортшы Сульич медициналық тайм-аут уақытын алды. Кейін жас қазақстандық өз шабуылын жалғастырып, ойынды 6:2-ге сенімді жеткізді.
Одан кейін алаңға Заңғар Нұрланұлы мен Жига Шешко шықты. Бірінші сет Занғарда қалды - 6: 4. Екінші партияның басында қарсыластар брейктермен алмасты. Бірақ Шешконың күші сәл саябырлады, кейін Занғар сетті сенімді түрде аяқтады. Ал одан кейін матчты – 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Бүгін әлем чемпионатының жартылай финалында біздің жасөспірімдер Германия құрамасымен таласады.
05 тамыз 2022 ж. 403 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930