Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда кіші футболдан турнир басталды

Қазалыда кіші футболдан турнир басталды

Бүгін Әйтеке би кентінде кіші футболдан аудандық жарыс басталды. Аталған доп додасы Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепті әр жылдары бітірген азаматтардың ұйымдастыруымен «Мектебім – Ақмешіттей қасиетті, сенен алдым өнеге мен өсиетті» атты ауқымды шара аясында өтіп отыр.
«Туған жерге тағзым» аясында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап арнайы қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Мұхтар Әуесұлы құттықтау сөз сөйлеп, мазмұнды шараның елдің ауызбіршілігі мен берекесін сақтауда маңызы зор екенін атап өтті.
«Жалпы қазақы қаймағы бұзылмаған, бір-бірімен тату-тәтті, ынтымағы мен берекесі жарасқан жерде тұратын тұрғындардың бірлігі бекем, тірлігі тиянақты болады. Оған бүгін біздің көзіміз анық жеткендей. Атақты академик Қ.Сәтбаев атындағы мектепте білім алып, еліміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосқан азаматтар туған жерге жиналып, ұлағатты шара ұйымдастыруда», – деді аудан басшысы.
Мұнан соң спорт саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Қуанған Бәкен сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы «Мектебім – Ақмешіттей қасиетті, сенен алдым өнеге мен өсиетті» атты шараның негізгі бөлігі ертең өтеді.
05 тамыз 2022 ж. 658 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031