Футболға қыздар да қызығады

Осы тақырыпты айшықтай түсетін тағы бір дәлел – осы жылдың наурыз-сәуір аралығында өткен 2006 жылы туылған және онан жас футболшы қыздар арасында өткен аудан біріншілігі. Бапкерлері Сәрсен Өмірзақ пен Қожахмет Кенжебектен тәлім алатын №25 мектеп командасы жеңілістің не екенін білместен ұпайдан шашау шығармай аудан чемпионы атанды. Құрамында: Мөлдір Қуанбай, Гүлайна Берікқызы, Салтанат Арыстанбекқызы, Аружан Бақытжан, Айымжан Сабыр, Айдина Жарқынбай, Дана Кежденбек, Әйгерім Сегізбай, Құралай Шарапат, Махаббат Елтайлар қарсыластарының бәрін жеңіп, мектептің абыройын асқақтатты. Осы турнирдің «үздік қақпашы» бағамымен Мөлдір Қуанбай танылды. Бұл – жас қыздардың алғашқы жеңісі, жалғасын тауып, биік тұғырлардан көрінетініне сенімдімін.
Гүлбағида ҚОСБАРМАҚОВА