Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы кезең табысты өтті

Алғашқы кезең табысты өтті

Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіру спортынан Бейжің Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық Әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды egemen.kz
Өкінішке қарай, Польшада ерлер құрама­сының бірде-бір өкілі жүлделі орындарға іліге алмады. Ал әйелдер арасында 1500 метр­ге жарысқан Надежда Морозова Қазақстан командасының қоржынына алғашқы қола жүлдені салды. А тобында сынға түскен отанда­сымыз 1500 метр қашық­тықты 01:56.925 уақыт көрсеткішімен жүріп өтіп, үздік үштікке енді. Алтын медальды жапониялық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Брит­тани Боуи (01:56.606) иеленді.
Жарақатына байланысты былтырғы маусымға қатыспаған Екатерина Айдова биыл­ғы жарысты В тобынан бастады. Ол 1000 метрге жүгіруден В тобында үздік атанса, 1500 метрге жүгіруде екінші орынға табан тіреді.

16 қараша 2021 ж. 672 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031