Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік дода Хьюстонда өтеді

Әлемдік дода Хьюстонда өтеді

23-29 қараша аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел тенни­сінен әлем чемпионатының жалауы жел­бірейді, деп хабарлайды egemen.kz
Дүбірлі додада Қазақстанның намысын үш спортшы қорғайды. Олар – Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова және Зәуреш Ақашева. Бұл спортшылардың барлығы да сан мәрте ел біріншілігінде топ жарып, көптеген халықаралық жарысқа қатыс­қан. Мәселен, әлемдік рейтингте 46-орында тұрған 24 жастағы Герасименко 2016 жылы Рио-де-Жанейро және 2021 жылы Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарында және бірнеше әлем чемпионатында өнер көрсетті. ITTF тізімінде 167-сатыға жайғасқан 26 жастағы Лаврова да Күншығыс елінде өткен ғаламдық додада бақ сынаған еді. Сол секілді үздіктер рейтингінде 170-орынды еншілеп отырған Ақашеваның да қазіргі қарқыны жаман емес.
Хьюстондағы чемпионатта ерлер мен әйелдердің әрқайсынан 128 спортшыдан бақ сынайды. Одан бөлек, 64 жұптың өнерін тамашалаймыз. Бұл жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Яғни жеңгені бірден келесі кезеңге шығады, ал жеңілгені сол мезетте көрермендер қатарына қосылады.


11 қараша 2021 ж. 514 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930