Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің келесі қарсыласы Хайме Мунгия болмайды

Головкиннің келесі қарсыласы Хайме Мунгия болмайды

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы өткізбейді, - деп хабарлайдыkaz.tengrinews.kz.
Биылдың бірінші жартысында GGG-мен жұдырықтасуы мүмкін болған мексикалық боксшы 24 сәуірде рингке оралады. Ол америкалық Димитриус Баллардпен (26-0-1, 13 КО) кездеседі.
Бұған дейін инсайдерлер Мунгия мен Головкиннің командалары келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған, ал кейбірі командалар 7 мамырда жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген. Енді бұл жекпе-жек таяу уақытта өтпейтін болды. 
Еске салайық, Мунгия кейінгі жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, багамалық Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған болатын.
08 наурыз 2021 ж. 3 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31