Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын ұтып кетті

Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын ұтып кетті

Халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев АҚШ спортшысы, әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шахмат федерациясының мәліметінше, бүгінде Сочи қаласында шахматтан ФИДЕ әлем кубогы өтіп жатыр. Аталған бәсекеде халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев қарсыласын жеңді. Ол АҚШ шахматшысы әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті.

"Қазақстандық шахматшыға 3 раундтың екінші кезеңінде жеңіске жету оңайға соқпады, өйткені ол қара түсте ойнады. Алайда ойын барысында фигуралардың стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болып, жерлесімізге қарсыласынан басым түсудің сәті түсті. 3 раундтың бірінші кезеңінде қазақстандық шахматшы қарсыласымен теңдей түсті, осылайша Ринат 1.5: 0.5 есебімен турнирдегі басты фавориттердің бірін жеңіп, әлем кубогының келесі кезеңіне жолдама алды", – делінген хабарламада.

Жерлесіміздің әлем кубогындағы келесі қарсыласы бүгін АҚШ гроссмейстері Сэм Шенкленд пен украиндық Александр Арещенко арасындағы тай-брек матчының қорытындысынан кейін белгілі болады
20 шілде 2021 ж. 448 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды