Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады

Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады

Футболдан туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы Instagram желісінде "Роллс-Ройспен" түскен суретін салып, "Шешім қабылдайтын күн" деп жазыпты.
Бұған дейін туриндік клуб Роналдумен 2023 жылға дейін жаңа келісім жасағысы келетіні хабарланған болатын. ОЛ бойынша, португалиялық шабуылшының жалақысы жылына 31 миллион еуродан 20 миллионға дейін төмендейді.

Ал L'Équipe мәліметінше, "Ювентус" Роналдуды "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Мауро Икардиге айырбастауы мүмкін.
Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік "Ювентусте" өнер көрсетеді. 36 жастағы португалиялық шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.
Ал Икарди 2019 жылы 80 миллион еуроға сатып алу құқығымен ПСЖ-ға өтті. 2020/21 жылғы маусымда Икарди барлық турнирде 26 матч өткізіп, 12 гол соғып, алты сәтті пас берді.
19 шілде 2021 ж. 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031