Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан жеңімпазы атанды

Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан жеңімпазы атанды

Ауыр атлетикадан жекелеген жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде өтті. 
  Ел чемпионатына Алматы, Шымкент (Нұр-Сұлтан қаласынан басқа) қалаларынан жəне барлық облыстардан 400 спортшы 20 салмақ дəрежесінде шеберлік байқасты.
Жарыс нəтижесінде облыс құрамасы 6 алтын, 5 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Екінші орынды – Қарағанды, үшінші орынды – Алматы облысының командалары еншіледі.
Жекелей есепте Алтынай Тәңірбергенова (55 келі), Таисия Алексеева (59 келі), Әлфараби Жауынтаев (61 келі), Нұрай Құрманбай (64 келі), Омар Файзыбаев (102 келі), Дәуірбек Аймырза (+102 келі) Қазақстан жеңімпазы атанды.
Салтанат Қыпшақбай (45 келі), Нұрасыл Орнықбай (61 келі), Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Сара Бегмат (76 келі), Икрам Жылқайдаров (89 келі) күміс жүлделерге ие болды.
Қайсар Пернебек (49 келі), Аянат Жұмағали (59 келі), Нұрай Балжігіт (81 келі) қола жүлделерді иеленді.
Айта кетейік, Алтынай Тәңірбергенова «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындаса, Аянат Жұмағали, Салтанат Қыпшақбай, Нұрасыл Орнықбай, Таисия Алексеева, Рүстем Ербосынов, Нұрдос Сабыр «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына қол жеткізді.
                                                   kyzylorda-news.kz
05 сәуір 2021 ж. 1 191 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930