Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауль Альварестің келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Сауль Альварестің келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол 27 ақпанда Гвадалахарада рингке оралып, WBC тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.
"Йылдырым - "Канелоның" WBC ережесі бойынша келесі қарсыласы. Ол үздіктермен кездескісі келетін өте жақсы боксшы. Ал егер Авни мұны істей алса, біз де соны қалаймыз. Неге кездеспеске?", - деді мексикалықтың бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо.
Бұл Йылдырым үшін кейінгі екі жылдағы алғашқы жекпе-жек болмақ - ол 2019 жылдың ақпанында Энтони Дирреллден жеңілгеннен бері рингке шыққан жоқ. Альварес өз елінде соңғы рет 2011 жылдың қарашасында Кермит Синтронмен жұдырықтасып, бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалған еді.
Еске салайық, 20 желтоқсанда мексикалық боксшы ұлыбританиялық Каллум Смитті ұпай санымен жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA Super титулдарын иеленген болатын. Осы кездесуден кейін ол төрт дивизионның чемпионы атанған. 
27 желтоқсан 2020 ж. 3 119 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930