Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар»: 31 тамызда жеребе тартылады

«Қайсар»: 31 тамызда жеребе тартылады

Биыл «Қайсар» өз тарихында тұңғыш рет еурокубок бәсекесінде бақ сынайды. Аталған доп додасы әлемде жоғары бағаланады. Онда кәріқұрлықтың беткеұстар клубтары жасыл алаң төрінде шеберлік байқасады. Әрбір ммлекеттің үкілеп қосқан үздіктері қатарында өзіміздің «Қайсарды» да көру – біз үшін үлкен мақтаныш. Десе де, дүние жүзінде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты елімізде доп додасы әзірге тоқтап тұр. Командалар ел біріншілігінің қайта жалғасқанын күтіп, оған дайындығын тоқтатқан емес. Қызылордалық клуб та алдағы бәсекелерге әзірлігін тұрақты түрде жүргізіп келеді.
– Былтыр «Қайсар» жігерлі ойы­нымен жанкүйер көзіне түс­кені белгілі. Нәтижесін білесіз. Қазақстан кубогын жиырма жыл­дан кейін төбемізге көтердік, – де­ді «Қайсардың» директоры Серік Досманбетов. – Бұл бізге еуро­кубокта бақ сынауға жол ашты. Түсенгеніміз, жауапкершілік жүгі үлкен.  Сондықтан жаңа маусымға дайындыққа баса назар аудардық. Жаңа ойыншыларды қатарға қос­тық. Оны жанкүйерлер жақсы біледі. Десе де, әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты елімізде әзірге футбол біріншілігі тоқтап тұр. Алдағы күндері қайта жалғасын табады деген сенімдеміз. Ал 17 қыркүйекте командамыз Еу­ропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде тұсаукесер ойынын өт­кі­зеді. Бұл біз үшін тарихи күн ретінде сақталатыны сөзсіз. Тағы бір айта кетерлігі, биыл атал­ған доп додасында жарыстың ке­лесі сатысына берілетін жолдама тағдыры бір ғана ойын нәтиже­сі­мен анықталады. Ендеше, сол кез­десуде «Қайсар» барын салып, жан­күйер сенімінен шығуға ты­ры­сады.
Оның айтуынша, команда Ал­маты қаласында оқу-жаттығу жиы­нын өткізуде. Футбол – үнемі да­йындықты қажет ететін ойын. Әрбір футболшы үнемі бабында болуы тиіс. «Қайсар» 21 шілдеден бастап Шымкент қаласына атта­нып кетті. Онда «Биік» сауық­тыру кешенінде дайындық ба­ры­сы пысықталды. Күніне екі мәр­­те жаттығу жұмыстары жүргі­зіл­ді. Олимпиадалық комитет­тің рұқса­тымен карантин режи­­мі­нің талап­тарын сақтай оты­рып, атал­ған базада жаттығу жүргі­зуге болады. Онда карантин ре­жимін сақтауға қолайлы жағдай бар. Өйткені, жатын орын мен жаттығу жүргізетін алаң бір жер­де шоғырланған. Ол футбол­шы­лардың денсаулығы үшін тиім­ді. Мамандар мұнда таңертең ойын­шылардың физикалық бағыттағы жағдайын назарға алса, кешкісін тактикалық жаттығуға мән берілді. Жергілікті ұжымның бірімен жолдастық кездесу өткізілді.
– Әзірлік барысына көңіліміз толады. Ойыншылардың физика­лық жағдайы да жаман емес. Бап­керлер олардың өз бабында бо­луын қалт жібермей қадағалап отыр. Десе де, әрбір кездесудің ма­ңызы зор деп айта аламын. Ол фут­болшының шеберлігін арт­ты­ра түседі. Тәжірибесі де мо­лая­ды. Сондықтан доп дода­сы­ның қайта жалғасуын бәріміз де асыға күтіп жүрміз.  Еліміз­дегі ахуалға байланысты барлық өңірде спорт­­шылардың алаңда жат­ты­ғу өткізуіне тыйым са­лын­ғаны бел­гілі. Сол себепті фе­де­рация та­ра­пынан қойылып отыр­ған та­лап бар. Сондай-ақ, Қа­зақстан фут­бол кәсіпқой лигасы елі­міздегі кеселге байланысты күр­делі жағ­дайды ескере отырып бірін­ші­лікті Алматы немесе Шымкент қа­ла­ла­рының бірінде өткізуді жос­парлап отыр, – деді команда ди­рек­торы.
Еурокубок пен доп додасы алдында команда құрамы жаңа ойыншылармен толықты. Бұдан бұрын «Ертіс» командасының на­мысын қорғаған қақпашы Алек­сандр Заруцкий енді қызыл­ор­да­лық клубта доп тебеді. Жер­гілікті футболдың түлегі, ша­буылшы Ел­жас Алтынбеков екі жылдай «Же­тісу» сапында ойнап, өз клубына қайта оралды. Елор­далық «Астана» құрамынан қорғаушы Дінмұхамед Кашкен келді. Жанкүйер есінде болса, ол Испанияның «Атлетико Мадрид» клубында тәлім алып, жастар тобында тәжірибе жинап қайтты. Ал Ақтаудың «Каспий» клу­бынан сербиялық тәжірибелі жартылай қорғаушы Александр Ста­нисавлевич келді.
– Жарты ғасырлық шежіресі тасқа басылған «Қайсардың» жо­ғары жетістігінің бірі ретінде ба­ғаланған Еуропа лигасын өзгелер секілді біз де асыға тосып жүрген жайымыз бар. Швейцарияның Ньон қаласында 31 тамызда бе­дел­ді бәсекенің екінші сатысы бо­йынша жеребе тартылады. Бізге қай командалар қарсылас атануы мүмкін? Қарсыластың осалы жоқ. Жарысты екінші сатысынан бас­тайтын командалар сапында тә­жі­рибелі ұжымдар бар. Атап айт­қанда, олардың қатарында Ита­лия­ның «Милан», Англияның «Тот­тен­хэм», Германияның «Во­льф­сбург», Испанияның «Гра­нада», Шотландияның «Глазго Ре­йн­джерс», Ресейдің «Ростов» се­кілді  белгілі ұжымдар бар, – де­ді Серік Құттыбайұлы бізбен әңгі­месінде.
Қандай кедергі де футболға тос­қауыл бола алмайды. Қазір жанкүйерлер теледидар арқылы түрлі ойындарды тамашалауға мүм­кіндік алды. Жылма-жыл көп­шілік еурокубок бәсекесін асыға күтеді. Биыл да солай жалғасып келеді. Бұрынғы жылдарда қы­зылордалықтар еліміздің өзге клубтарына қолдау білдірсе, енді өзіміздің командаға жанашырлық танытуына мүмкіндігі бар.
«Қайсар» ойыншылары қай клубпен кездескенді қалайды? Мә­селен, қақпашы Марсель Ис­ламқұлов Германияның «Во­льфс­бургымен» кездесуді қаласа, қор­­ғаушы Елдос Ахметов Арме­нияның «Алашкерт» және Украи­наның «Колос» клубта­рымен ше­берлік байқассақ, жарыстың келесі сатысына өту мүмкіндігі жоғары болатынын айтады. Ал қорғаушы Ілияс Әмірсейітов «Алашкерт» клубы біз үшін оңтайлы қарсылас екенін атап өтсе, хорватиялық қорғаушы Иван Граф өз елінің «Хайдук» командасымен жасыл алаң төрінде тартысқа түскенін қалайтынын жеткізді. Жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген қай­сысымен кездессе де, ел сенімін ақтау үшін аянып қалмайтыны жөнінде ойын білдірді. Тағы бір футболшымыз Думан Нәрзілдаев «Италияның «Миланымен» жасыл алаң төрінде шеберлік байқассақ» дейді.
syrboyi.kz​​​
16 тамыз 2020 ж. 560 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930