Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" бесінші мәрте Қазақстан суперкубогін жеңіп алды

"Астана" бесінші мәрте Қазақстан суперкубогін жеңіп алды

Елордалық футболшылар Суперкубоктің ақтық матчінде қызылордалық қарсыластарын жеңіп, чемпионаттың көшбасшысы атанды. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды деп хабарлайды kaz.nur.kz
Турнирдің финалдық ойыны өткір сәттерсіз басталды. Алғашқы қауіпті шабуыл төреші ысқырығынан жиырма минуттан соң орын алды. Алайда, Пиерос Сотириу қақпаға дәл тигізе алмады.
Бұл шабуылдан кейін елордалық футболшылар барынша белсенділік танытқанымен, бәрібір гол соға алмады. Нәтижесінде, кездесудегі бірінші және жалғыз гол тек 40 минутта салынды.
Ойынның екінші жартысы голдарсз өткенімен, қауіпті сәттерге толы болды. Матч 1:0 есебімен елордалық клубтың жеңісімен аяқталды.
"Астана" осымен Қазақстан Суперкубогін бесінші мәрте жеңіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінің соңғы турында ірі есеппен ұтылғанын хабарлаған болатынбыз. Елордалықтар қонақта "Партизан" командасына 4:1 есебімен жеңіліп қалды.
"Партизан" - "Астана" арасындағы кездесу соңында отандық командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
Ол тартысты өткен матч туралы өз пікірін білдірді.
01 наурыз 2020 ж. 943 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930