Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсі биік “VAL BARKER“ сыйлығы

Бәсі биік “VAL BARKER“ сыйлығы

Өз бастауын көне Грекиядан алатын бокс өнері біздің заманда футбол сияқты халықтық сипат алып, кең танылған спорт түріне айналған. Платонның жазбасына сенсек, жұдырықтасудың атасы теңіз құдайы Посейдонның ұлы Амыкус екен. Біздің заманымыздан бұрынғы 688 жылы олимпиадалық ойындар тізіміне енген спорттың бірінші чемпиондық кубогін Ономастус есімді грек иеленеді. Бірақ қазір бар әлем қызыға қарайтын бокс үшін жанкүйер жұрт ағылшындықтарға қарыздар. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебін ашып, жастарды тәрбиелеген. Қазіргі қолданыстағы ережелерді де Британ аралы тұрғындары ойлап тапқан. 1920 жылдан бері олимпиада бағдарламасына нық тұрақтаған бокстың дәл осы жылы Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы құрылды. Бүгін осы беделді ұйым тағайындаған Вел Баркер кубогы жайлы сөз қозғаймыз.

Ағылшын боксшысы, ассоциацияның құрметті хатшысы Вел Баркердің атын алған сыйлық 1920 жылдан жалғасып келе жатқан олимпиада ойындарында еншілеген жүлдесіне қарамастан, көрерменнің көзі тоярлық тартымды өнер көрсеткен былғары қолғап шеберіне беріледі.
Сыйлыққа лайық деп танылған, айла-тәсіл арсеналы мол, шаршы алаңда шоу көрсетіп, әр қимылы көрермен шапалағының шуына ұласатын шеберлерге Кубоктың көшірмесі мен АИБА-ның дипломы беріледі. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады.
Үш келілік күміс тостаған боксшылар үшін футболдағы алтын доппен дәрежесі тең тарту. 1936 жылы Берлинде қола медаль иемденген АҚШ-тың атын қорғаған Луис Лори ең жеңіл салмақта бірінші болып еліне Баркер кубогын алып қайтты. Ал әйелдер арасында тұңғыш болып америкалық Кларесса Шилдс кубокты иемденді. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын 21 жасар Кларесса 2016 жылы өткен Рио-де-Жанейро олимпиадасында екінші мәрте чемпион болып, кубок иегері атанды.
Осы кезге дейін әлемде олимпиадада озат болған он тоғыз оғыланның ішінде үш қазақстандық бар. Біріншісі, 1996 жылы Атлантадағы спорт аламанында жартылай орта салмақта қарсыласты шақ келтірмей, алтын медаль тағынған «Балқаш жолбарысы» Василий Жиров. Ол олимпиададағы алғашқы кездесуінде мексикалық Хулио Сезар Гонсалесті, келесі кезеңде итальяндық Пьетро Ауриноны, ширек финалда канадалық Трой Россты, жартылай финалда америкалық Антонио Тарверді, финалда Оңтүстік Кореяның боксшысы Ли Сон Бейді тізе бүктіріп, күміс кубокты Қазақстанға алғаш алып келген. Мұнан соң 2004 жылы олимпиадалық ойын түрлерінің отаны Грекия астанасы Афиныда болған жарыста бірінші орта салмақта өнер көрсеткен Бақтияр Артаев басына Цезарь гүлдестесін, мойнына алтын медальді, қолына күміс кубокты ұстап отанға олжалы оралды.
Егер кубокты қатарынан үш рет бір елдің бокшылары алса, онда кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді. Бірақ біздің боксшылар арасына сегіз жыл салып қана тостағанды алып қайтып жүр. 1996 жылы Василий, 2004 жылы Бақтияр болса, 2012 жылы Лондон ойындарында Серік Сәпиев бірінші орта салмақта бақ сынап, алтыннан алқа тағып, ерекше ойын өрнегін көрсетіп үшінші мәрте Баркер әкелді.
Осы уақытқа дейін он елдің атынан өнер көрсеткен былғары қолғап шеберлері сыйлықты сарапқа салған. Бірінші орында бес кубогы бар АҚШ тұр. Екінші болып, үмітті ақтаған үш боксшының арқасында Қазақстан жайғасқан. Куба мемлекеті екі рет жеңімпаз атанса, Ұлыбритания, Кения, Ресей, Украина, Оңтүстік Африка одағы бір мәртеден иемденген. Қалғандарына қарағанда жартылай орта салмақтағы боксшылар кубокқа көп қол жеткізген.
Сөзсіз Қазақстан бокс мектебі әлемдік аренада үздіктер тізімінен түспейтіні анық. Байрақты бәсекелерде топ жарып, елдің атын әлемге әйгілеп, әнұранды олимпиадаға көз тіккен миллиондаған көрерменнің алдында көзіне жас алып орындайтын таланты асқан, намыстың нарқын білетін қарадомалақ қазақ ұлдары әлі талай рет Вел Баркер кубогін әкеледі деген үміт бар.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
16 қараша 2019 ж. 1 492 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930