Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Қайсар” – Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы

“Қайсар” – Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы

Кеше қызылордалықтар Қорқыт ата атындағы халықаралық әуежайынан “Қайсар” командасын салтанатты түрде күтіп алды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық спорт басқармасының басшысы О.Акимов, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Команданы күтіп алу рәсімінде Наурызбай Сейтқалиұлы жеңістерімен құттықтап, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.

Ал шешуші голды соққан Думан Нәрзілдаев бұл жеңістің Сыр елі үшін құт болып келуін тіледі. Сонымен қатар, сырбойылықтардың 20 жыл күткен жеңісі екенін, алдағы уақытта осы қарқынмен жалғастыратындарын айтты.

Еске сала кетейік, “Қайсар” командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының кубогының ақтық кезеңінде Атырау командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
08 қазан 2019 ж. 1 013 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30