Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының бұрынғы футболшысы 25 жасында өмірден озды.
Қостанайда «Тобыл» мен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының бұрынғы футболшысы Николай Жуков 25 жасында өмірден озды.
Николай Жуков соңғы айларда сүйек майының ауруымен күрескен. 31 тамыздың кешінде спортшының жүрегі тоқтап қалыпты.
«Николай Жуков бірнеше маусымды «сары-жасылдардың» қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына тартылды.
«Тобыл» футбол клубы Николайдың жақындары, туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады», - делінеді хабарламада.
Шамамен үш жыл бұрын жас футболшыға қанның қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Химиотерапия мен сүйек майы трансплантациясыннан кейін Жуков сауыққан. Алайда 2019 жылдың шілде айында дерті қайта сыр беріп, бұрынғы әріптестері мен қайырымды жандар Германияда ота жасату үшін қаржы жинауды ұйымдастырған еді. Отаға 100 миллион теңгеге жуық қаржы қажет болған.