Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан-жақты қолдау бар

Жан-жақты қолдау бар

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында өткен. Жастар жылының ашылу салтанатын теледидардан тамашаладым. ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, тағы басқа саланың өкілдері «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты іс-шарада пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Маған Түркістан облысынан келген көп балалы жас ана Жазираның пікірі ерекше әсер қалдырды. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дегендей әр бала өз несібесімен келеді. Жас отбасыларды көп балалы болуға шақырған ана балаларының болашағына үлкен сеніммен қарайтындығын да жасырмады. «Құрметті Нұрсұлан Әбішұлы Сіз өткен жылы Түркістан облысын құрдыңыз. Қазір біздің қаламызда құрылыс қарқынды жүруде. Мәдени ошақтар, спорт мектептері, балабақша, медициналық мекемелер және тағы басқа ғимараттар бой көтеруде. Бұның барлығы менің ертеңгі күнге деген сенімімді нығайтып, жүрегіме балаларымның болашағы жарқын болады деген үміт ұялатады» деген ол ұл-қызының келешекте әсем қала Астанадағы Назарбаев университетінде білім алғандығын қалайтындығын атап өтті.
Жастар жиынын көре отырып, көкейіме көп ой түйдім. Елімізде балалардың білім алуына, жүрегі қалаған мамандықты меңгеріп, жанына жақын жұмыспен айналысуына жан-жақты қолдау бар. Сол себепті мен де келешегі кемел Қазақстандағы әр отбасының сәбилері көп болуына тілектеспін.
Ақмарал ҚАЙРАТБЕК,
жас маман
23 қаңтар 2019 ж. 1 483 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930