Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін мұраты – татулық

Дін мұраты – татулық

Дін мұраты – тыныштық пен татулық. Қайсыбір дінді алсаңыз да зорлық-зомбылыққа, қиянатқа жол бермейді.
Татулық және достық дегенде ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұлттар, алауыздығы жоқ елдер еске түседі. Кез келген ұлт бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болу­ды аңсайды. Өйткені, татулық пен келісім, бейбітшілдік пен тұрақ­тылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қабан (Қабылиса) жырау:
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын, – деген жырлары санаға сәуле сіңіріп, терең ой салады.
Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшыл­дық көрсеткен кезде ғана бірлікке, діттеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Халқымыздың даналық сөздерінде «Татулық табылмас бақыт» немесе «Жолдасы көптің – олжасы көп» деп бекер айтпаса керек. Сондай-ақ, Хәкім Абай атамыз «Татулықтан артық жолдас жоқ» деген сөзін айта кеткен де жөн.
Десек те, бүгінде қой терісін жамылған қасқыр іспеттес татулыққа сызат түсіруді ниет еткен түрлі ағым өкілдерінің қоғамда көрініс табуы көңілді қынжылтады. Оның ішінде, өзіміздің қаракөз қандастарымыздың белсенділігі жанға батады. Ағым деп аты айтып ұрғандай, бұл да өтпелі кезеңдердің бірі. Сол ағым ағысының жетегінде кетпей, тұрақтылығын сақтап қалуға адамның сауаттылығы мен терең ойлылығы көмек берері сөзсіз.
Бүгінге олар деструктивті деп аталып жүр. Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағына­ны білдіреді) діни ағымдар – азамат­тарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсіл­дерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқат­тылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.
Соның салдарынан өткен жыл еншісінде деструктивті діни бағытты ұстанушы 4 қазалылық азаматқа қылмыстық іс қозғалып, үш азамат 2-3 жылға шартты мерзімге кесілсе, 1 азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал, 2018 жылы бірнеше жылдан бері Сауд Арабиясында жүріп, қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы деструктивті салафиттік ағымды уағыздап келген Ділмұрад Махаматов Сауд Арабия патшалығы құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қамауға алынды. Ділмұрад Махаматов «Ділмұрад Абу Мұхаммад» атымен интернет желісінде кеңінен танымал болған. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұстанымына қарсы, елімізде ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздыру бабымен айыпталып отыр.
Қазақстан Республикасы Қоғам­дық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің ғылыми-зерттеу және талдау орталығың директоры Айнұр Әбдірәсілқызының әлеу­меттік желіде жарияланған сұхбат­тарының бірінде: «Біз радикалды жат ағымдардың жетегінде кеткен әйелдермен жұмыс жүргізіп көрдік. Мәселен, Ақтөбе өңірінде 341 әйелдің тек 24,6 пайы­зы ғана алғашқы 1 айлық жұмыс нәтижесінде райынан қайтты. Өкі­нішке қарай, қалған көрсеткіштер көңіл қынжылтады. Олардың басым бөлігі өздігінен радикаланғандар», – деген.
Әсілінде, ата-бабамыз шариғатты халқымыздың салт-дәстүрімен ұш­тастыра білген шынайы Ислам діні – бейбітшілікке, ынтымаққа, тату­лыққа үндейтінін білуіміз керек.
Ал, қазіргі кездегі «жиһад» деп ұрандап, дін жолында соғысып жүргендей сыңай танытушылардың асыл дінімізге еш қатысы жоқ, көзі қара, қатыгез топтардың көздегені басқа екенін ұғынуға болады. Олай дейтініміз, Мұхаммед Пайғамдарымыздың (с.ғ.с.) хадис­терінде «Шынайы мұсылман – екінші бір мұсылманға қолымен және тілімен зәбір көрсетпеген адам» деген болса, адам тұрмақ жан-жануарларға да аса мейрімділікпен қарауды міндеттеген. Оған дәлел, Алла Елшісі тырнағы өскен жандарға: «Хайуанды сауғанда тырнақтарың өсіп, оларға зәбір бермеңдер» деп ескерту жасаған еді.
Адам түгіл хайуанға осындай мейірім көрсеткен Пайғамбардың үмметі өзін мұсылман санаған жан қандай болуы керек?
Жалпы, діни сауаттануда кез келген көлденең келген көк аттының емес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдік­терімен бірге болу қажет екенін көрсетеді.
Ерлан НҰРЖАУБАЕВ,
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы
10 қараша 2018 ж. 2 052 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930