Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Баға қайда барасың?»: Депутат Ерлан Сайыров базар шарлап қайтты

«Баға қайда барасың?»: Депутат Ерлан Сайыров базар шарлап қайтты

Депутат қара базардағы баға қарапайым халық үшін қымбат екенін айтты.
Азық-түлік қымбаттап кетті деп халықтың шырылдап жүргеніне алты айдан асса да, Үкіметтегілер бағаны әлі бір ретке келтіре алмай отыр. Өйткені, бағаға жауаптылар тиісті жұмыстарды орындамаған. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов ауылшаруашылығы министрлігіндегі әріптестерінің 9 түрлі шараны атқармағанын айтты. Өздерінің де жарытып жұмыс істегені шамалы екен. Әкімдер тіпті мүмкіндікті құр жіберіп, бағаны аспандатып алды, дейді.
Жағдайды өз көзімен көруі үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров базар шарлап қайтты.
31-арнаның журналисті Айбар Төлжанұлы  бауырыммен базардағы азық-түлік, еттің бағасын бағдарлап қайттық. Бір сөзбен айтсақ, етке баға "күйіп" тұр! Әсіресе, қой етінің бағасы аспанға шарықтап кеткен... Қой еті килограмы 3-мың теңгеге жеткен! "Бір тоқты 60-мың теңгеден асады" дейді саудагерлер. Менің ойымша, министрлер кабинеттерінен шығып, халықтың әлеуметтік жай-күйін, бағаны бағдарлап, нақты шаралар қолдануы керек! Бүгінде, халық жаппай тұтынатын тауарлардың (ет, азық-түлік) бағасына мемлекеттік реттеу қажет!, - деп жазды ол.
Депутат қара базардағы баға қарапайым халық үшін қымбат екенін айтты.
Картоптың бағасы 450, сәбіздің бағасы 400-ден асқан. Ал сарымсақ 150-ден асып отыр. Енді мына продуктовый набордың өзі 960 теңге бір килограммнан алған кезде. Қара базардағы баға әрине халық үшін қымбат, - деді депутат.
Айта кетейік, Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров картоп бағасын алыпсатарлар өсіріп отырғанын мәлімдеген болатын.
11 маусым 2021 ж. 6 071 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930