Нұрсұлтан Назарбаев "Алғыс" орденімен марапатталды

"Сіз елдің гүлденуі үшін көп еңбек еттіңіз. Бастысы - дінаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім. Бұл - адамдар ыңғайлы, жайлы, берекелі және жақсы өмір сүру үшін мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін тірек. Сізге көптеген адамның атынан алғыс айтамын. Сіз өз жүрегіңізді, бар күшіңізді туған жерге қызмет етуге арнадыңыз", - деді Астана және Қазақстан митрополиті.
Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрға дінаралық және этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіндегі қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.
tengrinews.kz