Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қытай сотынан үкімді қайта қарауды сұрайды

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қытай сотынан үкімді қайта қарауды сұрайды

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлаған. Олардың айтуынша, өткендегі шешуші сотта Қытай соты қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған.
Еске сала кетсек, таяуда ғана Қытайдың Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған болатын.
Ал Қытайдағы Қазақстан елшілігі өкілдерінің Ақжарқынмен кездесіп, түрмеде ағылшын тілін меңгеріп жатқан оған сол тілдегі кітаптарды табыс етуден басқа қолдарынан келетін қайраны болмады.
Жалпы, 2014 жылы наурызда Қытайда есірткі контрабандасымен ұсталған Ақжарқын өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, 2015 жылы сотталды. Ал 2016 жылы үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілген болатын. Енді сол қайта қараудың биылғы нәтижесі жерлесіміз үшін өте ауыр шешім болып отыр.
29 желтоқсан 2019 ж. 926 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031