Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қаралды

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қаралды

Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды.

Бүгін Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында есірткі контранбандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау бойынша отырыс өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды", - деп хабарлады министрлік.

Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өзі қытай тілінде түсініктеме берген. Үкімнің жарияланатын күні әзірше белгісіз.

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры
Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне оқуға түскен. Үшінші курстан бастап түнгі клубта даяшы болып жұмыс істеп, табыс таба бастаған. Қытайға құрбысына тауар әкелуге көмектесу үшін барыпты.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан сауалына жауап берген сыртқы істер министрлігі бюдждет есебінен адвокат жалданғанын мәлімдеді.

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Түрмеде Ақжарқын Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Көркем әдебиеттер оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.
03 қыркүйек 2019 ж. 362 0

Руханият

Өмір туралы өсиет

Өмір туралы өсиет

13 қыркүйек 2019 ж.
Ой салар әңгімелер

Ой салар әңгімелер

13 қыркүйек 2019 ж.
Үш жау

Үш жау

12 қыркүйек 2019 ж.
Ықылас

Ықылас

11 қыркүйек 2019 ж.
Ауыл өмірі айшықталған

Ауыл өмірі айшықталған

11 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30