Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс берушілер әр қызметкер үшін зейнетақы қорына 5 пайыз қосымша төлем аударуға міндеттелді

Жұмыс берушілер әр қызметкер үшін зейнетақы қорына 5 пайыз қосымша төлем аударуға міндеттелді

Кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қосымша 5 процент жарна аударуға қарсы! Олар биліктен қосымша төлем туралы жаңа ережені қайта қарауды өтінуде. Себебі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер әр қызметкер үшін зейнетақы қорына қосымша 5 пайыз төлем аударуы тиіс.

Осы жайт талай кәсіпкердің қалтасын қағып түсірмек. Тіпті, жер сипап қаламыз деп зәресі ұшқандар көп. Онсыз да салықтың бірнеше түрін төлеп жүрген кәсіпкерлер үкіметтің бұл шешіміне түбегейлі қарсы. Себебі, 5 пайыз жарнаның үлкен бизнеске сын-қатері көп болмағанымен, шағын кәсіпті ойсыратып тастайтыны анық. Орта бизнес өкілдері арыз-шағымдарын әлеуметтік желілерде жазуда.

"Ауқымды бизнес үшін бұл қорқынышты емес шығар, бірақ шағын кәсіпкерлікке ауыр болатыны анық".

Асхат Исенов: "Өз компаниямды жауып тастаймын, шаршап кеттім".

Майра Баймағамбетова: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді не істерлерін білмей, халықтың қалтасына ұрлыққа түсуді бастады".

Ләззат Жолдықараева: "Жыл сайын заң қатаңдай түсті. Бұл реформаның түбі жақсылыққа апармайды. Олар нағыз "заңдастырылған рэкет". Ақшаның қайда кететіні түсініксіз".

Шағын кафесі бар Нұрсұлтан Баешев бұл жаңалықты естігенде "төбемнен жай түскендей болдым" дейді. Себебі, бұл кәсіпкер үшін барып тұрған тәуекел. Шығын өскен сайын бизнесті тұрақтылығы әлсірей түспек. Оның ойынша, отандық кәсіпкерлер жаңа қағидамен келіспейді. Өйткені, осы төлемді өтеу үшін жұмысшылардың жалақысы қысқаруы ғажап емес. Болмаса, ауызша келісіп аз ақшаға тер төгетіндерді іздеу керек. Алайда, "оңай шаруа емес" деген пікірде.

"Мейрамханамда қол астымда жұмыс істейтін қызметкер көп. Егер олардың әрқайсысы үшін 5 пайыз жарна төлейтін болсам, өзімнің банкрот болмайтыныма кім кепілдік береді? Шынымды айтсам, бұл шығынды қалтам көтермейді. Әрі таза шығын", - дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Баешев.

Бизнесмендердің бұл наразылығын "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да құптауда. Себебі, 2014 жылы зейнетақы жүйесін дамыту концепциясы қарастырылған кезде 5 пайыздық жарна мәселесі көтерілген. Алайда, макроэкономикалық шарттардың өзгерістерін бақылау үшін кейінге шегеріліпті. Палата өкілі Алена Романованың сөзінше, 5 процент төлем кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Оның үстіне, міндетті медициналық сақтандыру тағы бар дейді ол.

"Осы 5 проценттік төлем жүктемесінің ары қарай өсетінін ұмытып кетеміз. Егер қазір жұмыс беруші міндетті медициналық сақтандыру қорына 1,5 пайыз жарна аударса, 3 жылдан кейін ол 2 есеге өседі. Яғни, 3 процентті құрайтын болады. Сандарды сөйлетсек, мемлекеттік бағдарламалардың бюджетінен еш қалыспайды", - деді Атамеккен ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Алена Романова.

Ал, вице-министр аптаның басында өткен үкімет отырысында 5 пайыз жарнаға қатысты жаңа жол картасы әзірленіп жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, қосымша жарна еңбек қатынастарын жақсарту үшін жасалып отыр екен. Әрі "келешекте қазақстандықтар жеткілікті зейнетақыға қол жеткізулері керек" деген болатын.

"Бұл қадам қызметкерлерді еңбекке ынталандыру мен жұмысқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында жасалып отыр. Ал, бизнеске, алдымен шағын кәсіпкерлікке келер болсақ, жұмыс берушінің 5 пайыз төлем бойынша барлық шығыны осы міндетті зейнетақы жарналарынан алынып тасталады деп жоспарлаудамыз. Бұл стратегиялық шешім жаңа жұмыс орындарын ашуға қарқын береді деп ойлаймын", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасасы Ақмәди Сарбасов.

Жұмыс беруші есебінен аударылатын 5 пайыз төлемнің көмегімен зейнетақы қорына ай сайын 35 миллиард теңге кіріс кірмек. Ал, аталған өзгеріс келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде. Бұған көнбеген кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салынбақ.
02 тамыз 2019 ж. 904 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930