Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың несібесін жегенді құдай жазасын берсін – Айгүл Орынбек

Халықтың несібесін жегенді құдай жазасын берсін – Айгүл Орынбек

«Кәсіпкерлер, қаншама азаматтар ақша аударды. Арыстың қайғысын, өз бас пайдаларына пайдаланып жатқан жемқорлардың отбасылары екі дүниеде де оңбасын!», - деп жазды ол.

Блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек Арыс халқынан түсіп жатқан шағымның көп екенін айтты. 
«Арыс оқиғасы әлі біраз адамды әбігерге салары анық! Халықтан түсіп жатқан шағым көп! Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының сектор жұмысына риза емес!», - деді ол.
Айгүл Орынбектің айтуынша, билік тарапынан арыстықтарға берілген уәде дұрыс орындалмай жатыр.
«Жарылысты Арыс халқы қолдан жасаған жоқ! Алғашында билік «бәрін орнына келтіріп береміз» деп уәдені үйіп төккен еді. Қазір сол уәделері су сепкендей басылып келеді. Халық та барынша сабырлық танытып, бәріне көнуде. Халық көнді екен деп тыға берудің қажеті қанша?», - деді блогер. 
Сондай-ақ, ол Арыс халқына жіберілген қаржылай көмекті өз пайдасына шешіп жатқан жемқорларға шүйлікті.
«Кәсіпкерлер, қаншама азаматтар ақша аударды. Арыстың қайғысын, өз бас пайдаларына пайдаланып жатқан жемқорлардың отбасылары екі дүниеде де оңбасын! Халықтың несібесін жегенді құдай жазасын берсін! Басқа айтарым жоқ!», - деп жазды Айгүл Орынбек Facebook-парақшасында.

11 шілде 2019 ж. 1 016 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 119

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930