Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Атам жерік болған тағамымды әкелетін": Төреғалидің келіншегі ата-енесін жер-көкке сыйдырмай мақтады

"Атам жерік болған тағамымды әкелетін": Төреғалидің келіншегі ата-енесін жер-көкке сыйдырмай мақтады

Төреғалидің жары Толқын сәлем салып, орамал тағуға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.

Төреғалидің жары орамал тартып, сәлем салуды өзінің міндеті деп есептеп, мұны үлкендерге көрсетілген құрмет деп санайды екен.

«Салт-дәстүріміз бойынша келіндер бірінші қайын жұртына сәлем салады. Ата-енемнен бастап, қайын жұртымдағы өзімнен үлкен кісілердің бәріне иіліп сәлем салу менің міндетім. Қай жерде көрмесем де, тіпті сұхбат беріп жатырмын ба, далада көрдім бе иіліп сәлем саламын», - дейді Төреғалидің жары.

Сонымен қатар, Толқын ханым орамалды қай уақыттан бастап тартқанын айтып ағынан жарылды.

«Келін болып түскеннен бастап орамал тартамын. Одан кейін өзінің ұстанымым бойынша түбегейлі орамалды тастамайтын болдым», - деді Толқын.

Енесіне қарап үлгі алып жүргенін жасырмаған Толқын сәлем салуды ерсі көрмейді. Инабатты келін өзіне қамқорлық танытып жүрген атасы мен енесіне жоғарғы баға берді.

«Біздің әулетімізде салт-дәстүрді өте жақсы ұстанады. Тіпті енемнің өзі өзінен үлкен қайын жұртына әлі күнге дейін менің көзімше сәлем салып отырады. Сондықтан, күнде таңертең сәлем саламын. Мүмкіндігімше барлық міндетімді орындауға тырысамын. Енем барлық жағымнан қолдау көрсетіп отырады. Атам сырт көзге қатал болып көрінгенімен, отбасына келгенде өте бөлек адам. Аяғым ауыр кезінде неге жерік екенімді білсе, әкеліп беретін», - деп мақтанды ол.
14 мамыр 2019 ж. 394 0

Руханият

Ашу – дұшпан

Ашу – дұшпан

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031