Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 22 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 22 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК-ның өкілдері ақпанның 22-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 22 ақпан күні республиканың батысында және солтүстік батысында ауа райы құбылып тұрады.

Республиканың бірқатар аймақтарында жауын-шашын болса, ендігі бөліктерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, соңы жаяу бұрқасынға ұласады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
22 ақпан 2019 ж. 1 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930